18 қаң, 2018 сағат 22:13

Батыс Қазақстанда Қасым ақынға мүсін орнатылды

Бүгін Батыс Қазақстанда ақын Қасым Аманжоловқа мүсін орнатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым ақынның жастық шағы Орал қаласында өткені белгілі. Осыған орай бұдан он жыл бұрын Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында жаңадан ашылған қазақ мектебіне Қасым Аманжоловтың есімі берілген болатын.

Міне, бүгін осы мектептің ауласында ақын мүсіні салтанатпен ашылды. Оның ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов осынау бастаманың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отырғанын жеткізіп, мүсін авторы Асқар Бақтығалиұлына ризашылығын білдірді. 


Жергілікті демеушілердің 1,5 млн теңге қаражатына бой көтерген мүсіннің биіктігі - 2,8 метр.

Айта кетейік, Орал қаласындағы бір көшеге Қасым Аманжоловтың есімі берілген.