17 шіл, 2018 сағат 16:15

Батыс Қазақстанда 13 жастағы баланы ат сүйреп өлтірді

БҚО Теректі ауданы Сары Өмір ауылында 13 жастағы баланы ат сүйреп өлтірді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Қайғылы оқиға 12 шілде күні болған. Зеленов ауданында тұратын 2005 жылғы жасөспірім Сары Өмір ауылындағы туыстарына қонаққа келіпті. 

"Бала су ішіп тұрған атты көріп, оған мінбекші болған. Бірақ осы сәтте ат үркіп, баланы сүйретіп, шаба жөнелген. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", — деп мәлімдеді Сары Өмір ауылдық округінің әкімдігі. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік дәрігерге кәугерлер сағат 15:17-де хабарласқан. 

"Дәрігер оқиға орнына 15:22-де келді. Бала көп жарақат алған, оқиға орнында жан тапсырды. Жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

sputniknews.kz