16 нау, 2023 сағат 12:43

Батыс Қазақстанда 100-ден астам киік судан шығарылды

Фото: "Охотзоопром" РМҚК

БҚО-ның Казталов ауданында 100-ден астам киік судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаевтың айтуынша, оқиға 14 наурыз күні Ақпәтер ауылдық округінде болды.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік желіде Қараөзенде мұз кетіп, ағыс күшейгендіктен, киіктердің судан шығуы қиындағаны туралы бейнежазба таралған.

«Аталған жайт бойынша резерват қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, мәселені анықтады. Қызметкерлер мұз үстінде жүрген киіктердің аман өтуіне көмектесті. Сол уақытта киіктердің мұз үстінде қалғаны немесе шығынға ұшырағаны туралы дерек тіркелген жоқ», - деді Мамырбаев.