Фото: web-zoopark.ru
Батыс Қазақстан облысында жүздеген киіктің қырылу себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
19 мамырда Жәнібек ауданы Күйгенғұл ауданы, Ащыөзек өзенінің жағасынан 150-ге жуық өлі киік табылған. "Охотзоопром" МКҚК мәліметінше, жануарлардың жаппай қырылуы табиғи себептерге байланысты.
"Жас төлдері (осы жылдың төлдері) мен аналықтары қырылды. Босанғаннан кейін аналықтардың иммунитеті әлсіреген. Ешқандай улану немесе қылмыс болған жоқ. Топырақ пен өсімдіктердің сынамалары алынды, өлген киіктерге сараптама жүргізілді. Бұл көктемде және қыста болатын табиғи өлім", - дейді "Охотзоопром" өкілдері.