05 қаң, 2023 сағат 16:38

Бас прокурор Самат Әбішке қатысты пікір білдірді

Фото: gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға қатысты қылмыстық істерді ҰҚК тергеп жатыр. Жауапкершілік мәселесі қылмыстық істің аяғында анық болады", - деді ол.

Берік Асылов журналистердің Самат Әбіштің қазіргі жағдайына қатысты сұраққа жауап берді.  

"Ондай ештеңе жоқ, одан жай ғана куәгер ретінде жауап алынды", - деп жауап берді ол.

Бас прокурор оның қорғауға құқығы бар куәгер емес, жай ғана куәгер екенін нақтылады.