ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров елімізде кәсіпкерлерді заңсыз тексеру деректері 1,5 есеге азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.
Алдымен Қожамжаров ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бірлесіп, бизнесмендердің құқықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
«Кәсіпкерлік – экономикамыздың негізгі тірегі. Бизнесті жан-жақты қолдау, оның дамуына жағдай жасау әрқашан тікелей Елбасының бақылауында. Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында 3 жыл қатарынан кәсіпкерліктің өзекті мәселерін бірге талдап, оларды шешу мүмкіндіктерін бірге талдап, оларды шешу мүмкіндіктерін бірге қарастырудамыз. Бірқатар бірлескен заңнамалық және ұйымдастыру шаралары қабылданды. Бүгінгі форум соның жалғасы», - деді Бас покурор «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндегі ІІІ форумда.
Сонымен қатар ол елімізде кәсіпкерлерді заңсыз тексеру деректері азайғанын жеткізді. Оның айтуынша, ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҰКП аталған бағытта жүйелі түрде тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр екен. Нәтиже де жоқ емес.
«2 жол картасы іске асырылды. Басты бағыттар бойынша 200-ден астам іс-шара жүргізілді. Әкімшілік қысымның азайғанын бизнес субъектілерінің тексеру санының қысқарғанын көрінеді. Бұл көбінесе жоспарлы тексерістерді азайту, кәсіпкерлерге қойылатын түрлі талаптарды 60%-ке қысқарту есебінен қол жеткізілді. 1,5 есеге кәсіпкерлерді заңсыз терсеру азайды. Көбінесе бұл тексерістер төтенше жағдайлар мекемесі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, сәулеттік бақылау, еңбек және жер инспекциясы есебінен жүргізіледі», - деді Қайрат Қожамжаров.
Осы орайда бас прокурор аталған мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама іске қосылғанын жеткізді.
«Заңсыз тексерістердің алдын алу үшін автоматтандырылған эйрсофт жүйесі іске қосылды. Жүйе заңсыз тексеріске жол бермейді. Ол адамның қатысуынсыз бақылау объектісін өзі таңдайды», - деді ол.
Айта кетейік, аталған форумға парламент комитеттерінің төрағалары, депутаттар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының басшылары, «Нұр Отан» және «Ақжол» партиясының өкілдері қатысуда.