03 нау, 2022 сағат 12:32

Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: қаза болғандар тізімі міндетті түрде жарияланады

Фото ©REUTERS

Бүгін тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат кулуарында журналистер қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандар тізімі әлі күнге жарияланбағанына наразылық білдірді.

"Ол тізім міндетті түрде жарияланады, сіздер міндетті түрде қатысасыздар. Бірақ қазір айта алмаймын. Қашан екенін айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді Асылов БАҚ өкілдеріне.