30 сәу, 2022 сағат 23:03

Бас прокурор: Ерекше балаларға күш қолдану - жауыздық

Фото: Zakon.kz

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбенің әлеуметтік орталығында церебралды сал ауруы мен Даун синдромы бар балалардың азапталу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ерекше балаларға күш қолдану - жауыздық. Ақтөбе Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі қызметкерлерінің балаларды азаптау дерегі бойынша ең қатаң шаралар қабылданады. Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу басталды, тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Асылов Twitter-де.

Бас прокурор осындай басқа мекемелерді де тексеруді тапсырды.

Еске салайық, Ақтөбе облысының прокуратурасы "№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерін мекеме қызметкерлері азаптағанын мәлімдеді.