Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарау ерекшеліктері туралы арнаулы жадынама әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы орайда Бас прокуратура бұл жадынама жүгінген азаматтардың проблемаларын жедел шешуге септігін тигізетіндегіне үміт артып отыр.
«Азаматтар өздерінің проблемасы тезірек шешілуі үшін мемлекеттік органдардың құзыретін білуі керек. Сондай-ақ прокурор сот шешімдерінің барлығына бірдей наразылық білдіруге құқылы емес», - деп атап өтеді ведомстводан.
Құжатта қандай өтініштің прокуратура қарауына жататыны, ал қандай олардың құзіретіне кірмейтіндігі нақты жазылған.
«Прокуратура туралы» ҚР Заңында қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура органдары өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайтындығы жазылған. Осыған орай прокурорлар өзін өзі қорғай алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының мүдделерінде, сондай-ақ орны толмас салдарлар қатері кезінде, мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі жағдайында олардың шағымдарын қарайды. Ал бұл санатқа жатпайтын шағымдар басқа әкімшілік органның қарауына жіберіледі.