06 там, 2018 сағат 12:23

Бас прокуратура Әблязовты Le Figaro арқылы жауап алуға шақыртты

ҚР Бас прокуратурасы Le Figaro француз газеті арқылы Мұхтар Әблязовты жауап алуға шақыртты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 205-бабы 3-бөлігіне сәйкес, күдікті Қазақстан Республикасынан тыс елде жүргендіктен және сотқа дейінгі тергеу органына келуден жалтарғандықтан жауап алу үшін күдіктінің жүрген жерінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оған арнайы шақырту жарияланады. 3 тамызда Le Figaro француз газетінде Әблязов мырзаға 2018 жылғы 16 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына түсінік беру үшін келу қажет екені туралы хабарлама жарияланды», делінген хабарламада.

Бұған дейін, 31 тамызда ҚР Бас прокуратурасы «БанкТұранӘлем» АҚ-ның бұрынғы басқарма басшысы Ержан Тәтішевті қасақана өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдарына қатысу үшін Мұхтар Әблязовке ресми сайтта шақырту жариялаған еді.