Фото: ашық дереккөз
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.
Маңғыстау аудандық сотының үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2 тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды.
