20 қаз, 2021 сағат 13:10

Барлық маңызды тауар топтамасы бойынша қадағалау жұмыстары жүріп жатыр – Мамин


Премьер-Министр Асқар Мамин әлеуметтік маңыздағы тауарларға қатысты бағаны қадағалау бойынша Үкіметтің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әр сенбі сайын онлайн режимде өңірлерді қамти отырып конференция өткіземіз. Осы орайда әкімдер қалыптасқан жағдайды баяндайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар топтамасының бағасын қадағалау, нақты баға бойынша алдағы үш айдағы кезеңге шарттардың болуы тақырыптарын талқылаймыз. Бұл қадамдар әлеуметтік маңыздағы тауарларға бағаның негізсіз өсуін тежейді», - деді А. Мамин Мәжілістің жалпы отырысында. 

Үкімет басшысы әр өңірге қатысты бұл мақсаттарға қанша қаражат бөлінгені, тауарларды сақтау жағдайы бақылауда екенін айтты. 

«Яғни, барша тауар топтамасы бойынша қадағалау тұрғысында тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Премьер-Министр.

Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.