Алматы барахолкасындағы ірі базарлардың бірі - Ялянда болған өрт сөндірілді. Тілсіз жау қойманың 1500 шаршы метрін шарпыған, деп "Ұлт ақпарат".
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 12:23-те оқшауланып, 12:43-те жойылған.
"1 сағатта 1,5 мың шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды. Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылды, қойманың бетон конструкциялары құлауы мүмкін. Өртсөндірушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қабылданған жедел шаралар арқасында іргелес және көршілес контейнерлер және тауарлар мен материалдық дүниелері бар қоймалар қорғалды", - дейді Алматы ТЖД өкілі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінен 86 адам мен 25 техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, Алматы қаласының құтқару қызметі, СОБР, "Алматы Су" ЖШС, "Алматы тазалық", Жедел жәрдем қызметі, Медициналық апаттар орталығының қызметкерлері көмектескен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы барахолкада өрт шыққаны хабарланған болатын.