22 мам, 2023 сағат 18:27

Банктерге рубльді Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілмек

Фото: elements.envato.com

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін елден бірреттік экспорттауға рұқсат беру жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

ҚР Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Түсіндірме жазбада ресейлік валютаны экспорттау туралы шешім оларды қолма-қол ақшадан айырбастау және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттарды толықтыру үшін қабылданғаны атап өтілген.

Қаулы, егер күшіне енсе, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды болады. Бұйрықты Қаржы министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп орындайды.