Үкімет банктерге Қазақстаннан рубльді қолма-қол шығаруға рұқсат берді. Қаулы НҚА эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне 2022 жылдың 31 тамызына дейін кассаларда 1 шілде сағат 23:59 бойынша жинақталған көлем шегінде Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін алып кетуге рұқсат етілсін", - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, наурыз айында Президент Қазақстаннан 10 000 долларлық эквиваленттен асатын шетел валютасын алып кетуге тыйым салатын Жарлыққа қол қойған еді.
Маусым айының ортасында Мемлекет басшысы құжатқа өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Жарлықта ерекшеліктер пайда болды.
Ұлттық банк шілдеде Қазақстанда рубльдің көптеп пайда болу себебін түсіндірген болатын.
"Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда қарым-қатынасының тығыздығына байланысты қолма-қол ақша түріндегі рубль қазақстандық банктерде валютаны елден әкетуге шектеу қоюға бола жинақталды. Бұған шекаралық сауданың айтарлықтай үлкен көлемі, сондай-ақ ел азаматтарының еркін қозғалысы сияқты факторлар әсер етті”, – деген еді Ұлттық банкте.