Екінші деңгейлі банктер штаттағы қызметкерлерінің жартысын шығару шартымен жұмыс жүргізеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша елордада электр-тұрмыстық техникаларды сататын ірі дүкендер, зоодүкендер, гүл сататындардан басқа барлық дәнді-дақыл сататын дүкен, риелторлық компаниялар, мүлікті бағалау агенттіктері, сақтандыру компаниялары, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың жұмысы жанданады.
«Ал Алматы қаласында ТҚКС, автожуу, шиномонтаж, тұрмыстық техника жөндеу орындары, жарнама агенттіктері, ауыл шаруашылығы техникалары дүкені, автосалондар, көлік және қойма компаниялары жұмыс істей бастайды. Ақпараттық-коммуникациялық компаниялардың жұмысы қайта басталады. Екінші деңгейлі банктер штаттағы қызметкерлерінің жартысын шығару шартымен жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар тізімде микроқаржылық ұйымдар, сақтандыру компаниялары, брокерлер мен ломбардтар бар», - деді ол.
Еске сала кетсек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде айтқан болатын.
Сонымен қатар Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.