Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 8,7 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Басқа ақша-кредит көрсеткіштері, атап айтқанда депозиттер мен кредиттер бойынша іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында 2020 жылы қалыпты өсу күтілуде. Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 8,7 пайызға өсіп, биылғы тамыздың соңында 20,7 трлн теңге болды. Теңгедегі салымдар 14,2 пайызға - 12,4 трлн теңгеге дейін, валютадағы салымдар 1,4 пайызға, яғни 8,3 трлн теңгеге дейін жетті», - деді ҰБ басшысы Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, депозиттердің долларлану деңгейі 2020 жылғы 8 айда 40,2 пайызға дейін төмендеді.