Төлем картасын бұғаттау талаптары оны шығару туралы шартта келісіледі. Сондықтан шартқа қол қою алдында онымен мұқият танысып алу қажет, деп хабарлайды ingramota.kz.
Банк картаны қандай жағдайда бұғаттайды, егер:
төлем картасының иесі банктің менеджеріне оның жоғалғаны, ұрланғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарласа;
«пластикті» ұстаушы төлем картасын беру туралы шартты орындамаса;
тараптар арасындағы шартта көзделген, төлем картасын пайдаланудың ішкі құжаты сақталмаса, төлем картасын бұғаттай алады.
2. Төлем картасын бұғаттау талаптары оны шығару туралы шартта келісіледі. Сондықтан шартқа қол қою алдында онымен мұқият танысып алу қажет.
3. Заңнамада «карта шоты» деген бөлек ұғым жоқ. Сондықтан төлем картасы оны ұстаушының банк шотына қолжетімділік құралы. Картаны бұғаттаған жағдайда клиент шотын банкке өтініш жасаған кезде ашылады.
4. «Төлемдер туралы» Заңның 27-бабына сәйкес клиенттің банк шотына шектеу қойылуы мүмкін.
Шығыс операцияларын жүргізуге шектеу:
уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың өкімдерінің негізінде (салықтар төлемеу; тергеу жұмыстарының жүргізілуі; алаяқтық операцияларға күдіктің болуы);
сот актілерінің және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулыларының негізінде;
ҚР Қаржыминінің Қаржы мониторингі комитетінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар және жеке тұлғалар туралы ақпаратының негізінде қойылуы мүмкін.