Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видео тараған болатын.
"Екі дерек бойынша да ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған.
Қазіргі таңда полицейлер жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Күдікті ретінде 16 және 21 жастағы ер адамдар ұсталды. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.