19 қаң, 2023 сағат 19:18

Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет - Бас прокурор

видео кадры

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов дамыту орталығындағы балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты жазба қалдырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауға тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет. Бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынды. Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Астана тұрғыны дамыту орталығындағы тәрбиешілер тарапынан ұлына қатыгездік жасалғанын айтқан еді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үш тәрбиеші жұмыстан қуылып, соталды тергеу басталды.