05 мау, 2017 сағат 17:53

Балалар бұзақылығы азаяр емес

Осы аптада Астана қаласының прокуроры Б.Б. Дембаев ведомствоаралық жиналыс өткізді. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының себебі мен шарттарын талдаудың нәтижелері мен уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі талқыланды.

Аталған жиналысқа Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаты И.В. Смирнова, «Қазақстан Республикасы Президентінің білім қорының» және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты.

2016 жылы елордада кәмелетке толмағандар 205 қылмыс жасаған, қылмыстық құқықбұзушылықтардың 90% (187) меншікке қарсы, атап айтқанда 78 ұрлық болса, 74 тонау.

Негізінен қылмыстың пәні ретінде ұялы телефондар (76), ақша (24), көліктер мен көлік саймандары (15), киімдер (12) және велосипедтер (12) болып табылған.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жалпы санынан (178) 19 немесе 10% жағымсыз мінездемеге ие болған, балалардың қалған 90 % жағымды немесе қанағаттанарлық мінездеме алған.

Қылмыс жасаған балалардың негізгі бөлігі (149)  қолайлы отбасынан, тек қана 18 бала қолайсыз және аз қамтылған отбасынан. Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасау ортақ жасы 16-17 жас.

Қылмыстың жасалу себебі мен шарттарының анықталуын ескере отырып, елорда прокурорымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды. Ол өзінің студент кезіндегі өмірлік тәжірибесімен бөлісті, еңбек отрядтарына қиын балаларды (сол кезде солай аталатын) бекіткен кездерді мысалға келтірді. Жазғы мезгіл аяқталған соң балалардың түзелуіне әсер ететін еңбек және үлкендермен араласу тәжірибесіне ие болғандығын атап өтті.

Прокурор: «Балаларды жұмысқа тұрғыза отырып, қажет заттарын сатып алуға мүмкіндік тудыратын соманы ұрлық жасамай табуға жағадай туындайды», - деп атап өтті.

Кәсіпкерлердің ыңғайлығы үшін Б.Б. Дембаев кәмелетке толмағандарды жұмысқа алудың шарттары көрсетілген құжат үлгісін әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, ата-аналарға консультациялық, психологиялық және қайырымдылық көмек көрсету көзделеді.

Жиналыс барысында №28 және №34 мектептерде бала қылмысының ерте алдын-алудың табысты тәжірибелері таныстырылды. Біреуінде (28) тиімді адамдар құралған Алдын-алу кеңесінің жұмысы көрсетілсе, екіншісінде (34) тиімді нәтиже профессор Ф.Я. Вассерманмен әзірленген «Биоинформатика және синергетика» білім алудың сапасын басқаратын технологияны енгізудің нәтижесінде мүмкін болған.  

Елорда прокуроры аталған мектептердегі тәжірибені өзге де оқу орындарында тәжірибелік көмек көрсету арқылы енгізу тапсырылды.

"Ұлт ақпарат"