Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында балабақшаларда тәрбиешілер жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі күшейту талап етіледі. Бүгінде ғылым саласы баланың ойлау қабілетінің негізі, ақылы алты жасқа дейін қалыптасатынын айтуда. Осы мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырған жоқ. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбегін төлеу жүйесін қайта қарап шығу керек», - деді Президент.
Президенттің сөзіне қарағанда, биыл Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе тиісті Жол картасын әзірлеуі тиіс.