29 там, 2019 сағат 18:36

Бақытжан Сағынтаев Алматыда 1 млн ағаш отырғызуды ұсынды

Алматыдағы ТЭС-2-ні газға ауыстыру мәселесі 2020 жылдың көктемінде белгілі болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз  ең алдымен Алматының ауасын жақсартуымыз қажет. Қалада 2 миллионға жуық ағаш бар, алайда олардың 500 мыңға жуығы  ауруға шалдыққан. Сондықтан мен күзде «Jasyl Almaty» үш жылдық жобасын жүзеге асыруды бастауды ұсынамын. Кем дегенде миллион жаңа ағаш отырғызамыз. Бұл ауқымды акция, сондықтан қала тұрғындарын осы шараға атсалысуға шақырамын», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Конституция күніне арналған салтанатты жинында.

Әкім, стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттардың 93%-ы қаланың төменгі бөлігіндегі Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында пайда болатындығы туралы айтты.

«Біз үкіметпен және «Самұрық-Энерго» АҚ зиянды заттар шығарындыларын азайту бойынша белсенді жұмыс жасай бастадық. Мен ТЭЦ-2-ні газға ауыстыру мүмкіндігін зерттеуді тапсырдым. Зерттеу нәтижелері келесі көктемде дайын болады. Содан кейін бәрі белгілі болмақ», - деді әкім.