13 там, 2022 сағат 17:56

Бақытгүл Хаменованың соты 5 қыркүйекте қайта жалғасады


Үш куәгердің белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалуына байланысты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 5 қыркүйекте қайта жалғасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сотта куәгерлер - Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Олардан өзге үш куәгер белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалды.

Сол себепті соттың келесі отырысы 5 қыркүйекте жалғасады.

Айта кетейік, 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовтың соты өтті.

Хаменова мен Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.