Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету шараларын атап өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап сілтеме жасап.
1. Аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй көмегі орташа есеппен 18%-ға артты. 2 мың отбасы коммуналдық қызметтерін төлеуге көмек алады (34 млн теңге).
2. 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күтушілер тегін жолақымен қамтамасыз етіледі (1,3 млрд теңге).
3. Үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмек 25 мың теңгеге дейін (6,5 АЕК-тен 10 АЕК) өсті (23 млн теңге).
4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тегін техникалық және кәсіби білім алуға қолдау көрсетіледі (2986 адамға 1,5 млрд теңге бөлінді).
5. Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 2 мың тұрғын үй сертифакатын беру үшін 2 млрд теңге қарастырылды.
6. Көпбалалы отбасының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жолақысы беріледі. Бұл көмекті 36 мың адамды алады. Осы қолдауға бюджеттен 208 млн теңге қарастырылады.
7. 1-11 сыныптарда оқитын көпбалалы отбасының балаларына мектепте тегін ыстық тамақ беріледі. Осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн теңге бөлінеді.
8. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына, жетім балаларға арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады (10 мың балаға 500 млн теңге бөлінеді);
9. Осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құрал-жабдықтарымен тегін қамтамасыз етіледі (32 мың балаға 638 млн теңге бөлінеді);
10. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балалары, сондай-ақ, мүгедек балалардың балабақшаға тегін баруына қолдау көрсетіледі. Осы арқылы ата-аналардың жұмысқа тұруына, отбасының табысын арттыруына жағдай жасалады. Бюджетте 3,8 мың баланы қамту үшін 513 млн теңге қарастыру көзделген.
11. Көпбалалы отбасыдан шыққан 180 түлекке Астанадағы жоғары оқу орындарында кең таралған мамандықтар бойынша білім алуға арнайы гранттар беріледі (25 млн теңге, жылына 500 мың теңге).
12. Көпбалалы аналарға тіс дәрігерінің қызметі (санация, протездеу) тегін ұсынылатын болады. Бұл көмекпен 10 мың адам қамтылып, 404 млн теңге бөлінеді.
13. Бюджет нақтыланғаннан кейін көпбалалы отбасылар көмір алу үшін әлеуметтік көмек алушылар санатына қосылады (1 000 отбасына 26,3 млн теңге бөлінеді).