09 қаз, 2021 сағат 10:31

БАҚ: АҚШ делегациясы 9-10 қазанда Дохада «Талибан» өкілдерімен кездеседі


АҚШ делегациясы 9-10 қазанда Дохада «Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Reuters жұма күні ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, бұл АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан бері тараптар арасындағы бірінші кездесу болады.

АҚШ өкілдері, Reuters агенттігінің дерегінше, АҚШ пен Ауғанстанда қалған басқа елдердің азаматтарын эвакуациялауда кауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ американдықтарды босату үшін тәліптерге қысым жасауға тырысады.