Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мусин Бағдат Батырбекұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды" делінген хабарламада.
Қайрат Жақыпбаев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басшылығына тағайындалғаны хабарланып отыр.
35 жастағы Бағдат Мусин бұл орында 2017 жылдың қаңтарынан істеп келді. 2014-тен 2017 жылға дейін ол "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған.