Фото: ©inbusiness.kz
Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты жаңа қылмыстық іс туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, прокуратура Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкіміне қатысты соталды тергеуді тіркемеген.
"2022 жылдың 13 мамырынан бастап Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінде М.А.-ның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Алаяқтық" бойынша Б.Мәнізоровтың әрекетіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бар", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері телефон арқылы.