Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 112,51 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 109,27 долларға дейін төмендеген.