15 нау, 2022 сағат 11:33

Азық-түлік сапасын агралық ғылымды дамыту арқылы қамтамасыз ету керек – Үкімет басшысы


Бағаны әкімшілік механизмдермен ұстап тұрудан басқа әдістерін қолдану қажет. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті сала басшыларына осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағаларды әкімшілік механизмдермен ұстап тұру нарықтық тәсілдерге жатпайтынын білеміз. Сондықтан бағаларды тұрақтандырудың басқа да әдістерін қолдану қажет. 

Сонымен бірге, Жоспар аясында форвардтық жеткізулер жүйесін дамыта отырып, агроөнеркәсіп кешені және сауда субъектілерінің арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату шараларын да қарастыру керек», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуына қарағанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы да маңызды орын алады.

«Бұл бағытта ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау мен тамақ өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жетілдірудің маңызы зор. Сондай-ақ аграрлық ғылымды дамыту қажет. Ғылыми зерттеу процестерінің интеграциясын, кадр дайындау және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді қамтамасыз ету керек.

Бұл үшін Жоспарда аграрлық университеттер базасында құрамына аграрлық ғылыми институттар мен тәжірибелік шаруашылықтарды қоса отырып, зерттеу орталықтарын құру бойынша нақты міндеттерді қарастыру қажет», - деді Үкімет басшысы.