25 мам, 2021 сағат 11:24

Азық-түлік өндірісін дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді


Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бөлінген 22,5 млрд теңгенің микрокредиті ет, сүт және басқа да азық-түлік өнімдерін шғаруға жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтқан мәліметі бойынша, аталмыш қаражат алдын ала тізімі бекітілген 5400 жобаға бөлінуі тиіс. 

«Жалпы сомасы 22,5 млрд. теңгені құрайтын 5,4 мың жобаның алдын ала тізімі әзірленді. Тізімге ет, сүт, азық-түлік өнеркәсібі өнімдерін өндіру және өңдеу, қызмет көрсету және тағы басқа салалардағы бизнес жобалар енді», - деді министр. 

Серік Шәпкенов микрокредит берудің тиімділігін арттыру үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті әкімдіктер 15 микроқаржы ұйымын құрғанын атап өтті. 

«Микрокредит алушылар 10,6 мың қосымша жұмыс орындарын құрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Бәйтерек» Холдингімен бірлесіп жалпы құны 100 млрд. теңгені құрайтын 42 инвестициялық жоба іске асырылады. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялау арқылы 6 пайыздан аспайтын болады.2,2 мың уақытша және 3,8 мың тұрақты жұмыс орындары құрылады», - деді водемство басшысы.