Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq әзірлеушілерінің үстінен не үшін сотқа арыз түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ashyq-қа қатысты, естеріңізде болса, кейбір ғимараттарда статусы қызыл және сары адамдар қоғамдық орындарға, жалпы кез келген ғимаратқа кірмейтін. Себебі ол адамдар айналасындағыларға қауіпті еді. Яғни олар науқас адамдар, инфекция таратушылар және инфекция дамып кетуі мүмкін адамдар еді. Олар өзгеге жұқтыру мүмкін болғандықтан оларға қоғамдық орындарда жүруге рұқсат болмады. Бұл шешім сотта дау тудырды. Қазір мемлекеттік санитарлық дәрігердің барлық талаптары бойынша қабылданған шешімдер оның пайдасына қабылданды. Ashyq бойынша бірде-бір талап жоқ", - деді министр Сенат отырысында.
Еске салайық, 18 сәуірде Ashyq әзірлеушілерінің үстінен сотқа арыз түскені хабарланған болатын. Бұл туралы бағдарламаның әзірлеушісі Виталий Пустовойтенко Facebook-парақшасында мәлімдеді.