29 қар, 2019 сағат 09:11

Әзербайжанның билік басындағы партиясы парламентті таратуға кеңес берді

Ени Әзербайжан билеуші партиясы (ЕӘП) саяси кеңесінің отырысы барысында партия атынан сайланған парламенттегі депутаттарға парламентті тарату туралы бастаманы көтеруге кеңес берілді.

Бұл туралы вице-премьер, басқарушы партияның атқарушы хатшысы – төраға орынбасары Али Ахмедов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол Саяси кеңесте ел парламентіндегі реформалардың жалғасуына қатысты мәселелер талқыланды. Осы елде жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Аталған өзгерістердің мақсаты – республиканы дамыту, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру.

Оның айтуынша, қазіргі таңда атқарушы билік пен сот-құқық жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Реформаның тұжырымдамасы толықтай бір жүйеге енгенше, өзгертулер барлық үш тармақта жүргізілуі тиіс. Партия мүшелері заң шығарушы билік шетте қалып қоймауы керек деген байламға келді.

Парламентте ЕӘП үлесі басымырақ. Саяси кеңес депутаттық корпусқа мемлекет басшысына парламентті тарату туралы бастаманы көтеруге кеңес берді.