18 нау, 2020 сағат 07:36

Әзербайжанда коронавирусқа шалдыққандар саны 27-ге жетті

Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың тағы алты оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ӘЗЕРТАДЖ агенттігі.

Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың хабарлауынша, ерекше режимдегі ауруханаа жатқызылып, бақылауға алынған бұл адамдар өздерін жақсы сезінуде, жағдайы бірқалыпты. Қазіргі кезде Әзербайжанда коронавирусқа шалдыққан 27адам ауруханада жатыр, оларды емдеу бойынша тиісті шаралар қолдануда. 

Коронавирус инфекциясы пандемиясының пайда болып, жылдам таралуын есепке ала отырып, азаматтарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың талаптары мен кеңестерін орындауға шақырамыз.