07 сәу, 2023 сағат 10:24

Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келеді

Фото: Akorda.kz

Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді", - делінген хабарламада.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.