Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды" - делінген ведомство хабарламасында.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.