Телеарналардың шетелдік рейтингтік компаниялар жасайтын жалған ақпарат жетегінде жүргендеріне таңым бар. Байқасаңыздар, жатжұрттық компаниялар мақсатты түрде адамды азғындық, жеңілжүріс, таяз ойға тәрбелейтін тележобалардың рейтингісін жоғары етіп көрсетеді. Керісінше, қазақтың қазақ болуына септігін тигізетін рухани-мәдени бағдарламалардың рейтингісі өте төмен. Тіпті жоқтың-қасы. Олай болуы мүмкін емес. Қазір арзан музыка, ойсыз шоулардан көрермен шаршаған. Бір сәт поэзиядан сусындап, халық әндерін тыңдағысы келеді. Кей арналардан поэзия туралы жобалардың шықпай жатып, жойылып кетуі сөзімізге дәлел. Ол - бір!
Екіншіден, сол рейтингті қалыптастыруға қатысатын адамдар туралы телеарналар ақпарат алды ма екен? Жобаға қатысушылардың 95 пайызы қазақ тілін түсінбейтін адамдар не "асфальтта өскен қазақ" болуы, тіпті мүлдем қазақ болмауы бек мүмкін.
Үшіншіден, рейтинг жасауға қатысатын ауыл тұрғындарының үлесі мен құрамы қандай?
Төртіншіден, неге телеарналар шетелдік компания дерегіне сүйенеді? Неге қазақстандық компания жасамайды ол рейтингті?
Ол аз дегендей, рейтинг туралы ақпарат бергені үшін БАҚ қыруар қаражат жұмсайды. Ал шын мәнінде ол компаниялар телеарналар берген қаражатқа мұқтаж емес. Себебі, олар мақсатты түрде ұлтты, мемлекетті азып-тоздыруға қызмет етеді. Бұл ғаламдық деңгейде жасалған жоба. Ал ондай жобалардың артында кімдер тұрғаны айтпаса түсінікті.
P.S. Электронды БАҚ рейтингке не үшін сүйенеді? Себебі, жарнамаберушілер жарнаманы қай арнаға, қай бағдарламаға беру керектігін сол рейтинг деңгейіне қарап таңдайды. Әңгіменің ашығын айтсақ, мемлекеттік телеарналар мақсаты мен міндеті белгісіз рейт.компаниялардың ақпаратына мүлдем сүйенбеулері тиіс. Өйткені, мемл.арналар онсыз да мемлекеттен қаржыландырылады. Екіншіден, мемл.телеарналар бәсекеден тыс. Жарнамаберуші ол рейтинг ақпаратынсыз-ақ мемл.телеарна эфиріне зәру.