04 қаң, 2023 сағат 11:57

Азамат Есқараев Әділет министрі болды

Фото: kaz.tengrinews.kz

Азамат Есқараев Әділет министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.

2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан бастап – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті атқарған Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалған болатын.