06 қыр, 2023 сағат 18:16

Айжан Шайназарова жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: primeminister.kz

Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Осы қызметті бұған дейін атқарған Болат Анапияұлы Тілеп Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.