Е-Salyq Азамат мобильді қосымшасында айыппұлды тексеру функциясы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын әзірлеушілер қолданыстағы қызметтерге әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдарды тексеру мүмкіндігін қосты.
Қосымша арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, «реквизиттер бойынша төлеу» қызметінде жүзеге асыру мүмкін.
«Бұл функция қолжетімді болуы үшін AppStore немесе PlayMarket-те мобильді қосымшаны жаңарту қажет (мобильді құрылғы моделіне байланысты)», - деп атап өтеді ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінен.
Ведомство мәліметінше, е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын қолданушылар саны артып келе жатыр. Қолданушылар саны 700 мың адамға жетті.
«Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет – жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларацияны тапсыру қызметі. Бүгінгі таңда мобильді қосымшаның көмегімен 308 405 қазақстандық декларация тапсырды» делінген комитет хабарламасында.
Е-Salyq Azamat тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады.
Авторизация әдістері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар. Қосымшаны пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулар МКК YouTube каналында орналастырылған.
Толығырақ ақпаратты ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» телефоны бойынша алуға болады.