Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық PacSun киім бренді мен рэп орындаушы A$AP Rocky-дің коллаборациясына жарнама түсірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сейітов Instagram-дағы парақшасында рэп орындаушы A$AP Rocky-мен жұмыс істеген жарнамалық ролигінің үзіндісін жариялады. Ол PacSun америкалық жасөспірімдер киім брендінің жаңа топтамасының қонақ ретінде шақырылған көркемдік жетекшісі болған.
Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов танымал отандық және шетелдік жұлдыздарға арналған жарнамалық роликтермен және бейнебаяндармен ғана емес, сонымен қатар "Қаш" атты толықметраж фильмімен танымал.
Оның клиптері бірнеше рет марапаттарға да ұсынылған, атап айтқанда MTV Video Music Awards және Berlin Music Video Awards.
Бұл қазақстандық режиссердің киім брендтерімен түсірген алғашқы жұмысы емес. Ол бұған дейін Nike жарнамасын да түсірген.
2245 рет оқылды