11 қар, 2025 сағат 12:57

Айқайлап сөйлеген жасөспірімді қария метро рельсіне итеріп жіберді (ВИДЕО)


Фото: Видеодан скриншот

Қарт әйел 13 жастағы мектеп оқушысын метроның теміржолына итеріп жіберді. Болған оқиғаның бейнежазбасы ресейлік әлеуметтіке желі қолданулыраның парақшаласында жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz

Оқиға Мәскеудің «Таганская» станциясында болған. Қарияның мұндай әрекетке баруының себебі — қыздың қатты сөйлегеніне байланысты әйелдің кенеттен агрессияға бой алдыруы болған.

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бейнежазбада көрсетілгендей пойыз келмей тұрып жасөспімге метро станциясында тұрған жолаушылар қолын созып шығарып алған.

Қарт әйелге кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылды.