25 қар, 2025 сағат 11:54

"Айка тізімі": Атышулы жеңгетай бостандыққа шықты


Фото: DALL-Е

“Элиталық эскорт” ісі бойынша 2024 жылы 6 жыл 6 айға сотталған Айғаным Мырзахметова (лақап аты — Айка) жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдырды. Ол осы кезеңде пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот бұған Мырзахметованың 2020 жылы туған баласының бар екенін негіз еткен. Мерзім аяқталған соң ол жазасын өтеу үшін қайтадан колонияға жіберіледі.

Еске салсақ, 2024 жылғы 21 мамырда сот Айканы мүлкін тәркілей отырып, орта қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесіне қамау туралы үкім шығарған. Оның жаза түрін жеңілдету туралы өтініші биыл 31 шілдеде қанағаттандырылмаған еді.
Қылмыстық кодекстің 74-бабы кішкентай балалары бар әйелдерге, егер олардың қылмысы ерекше ауыр санатқа жатпаса, жазаны кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Айғаным Мырзахметованың ісі бұл тізімге кірмейді.

2023 жылы әлеуметтік желіде Алматыдағы элиталық эскорт қызметі туралы атышулы тізім тараған болатын.