Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы соттарының ресми парақшасына сілтеме жасап.
Сотпен анықталғаны, өткен жылдың желтоқсан айында Тұрлыханов үйінде болған кезде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан.
Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жетікізді. Сондай-ақ өзара татуласуға байланысты соттан істі тоқтатуды сұрады.
Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.
"Заң талабына сәйкес, яғни ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша көзделген әкімшілік құқықбұзушылық үшін жаза - ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу.
Сот қаулысымен Тұрлыханов ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ" - делінген хабарламада.