Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады. Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін жиі көтеріп жүр. Бұрын мен осындай құқықбұзушылықтарды криминализациялаудың орындылығын анықтауға нұсқау берген болатынмын. Бас Прокуратураға осы мәселені жан-жақты зерделеп, шешуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.