Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында үскірік аяз түсуіне байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Білім басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Көкпекті ауданында аяз күшейіп тұр. Ауа температурасы 34 градус нөлден төмен болған. Бүгін бұл жерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Зырян ауданында аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптардың сабағы тоқтатылды. Термометр бағаны Зырянда -33 градусқа дейін төмендеген.
Қатонқарағай ауданында ауа температурасы -31 градус болғандықтан, бірінші ауысымның 1-4 сыныптарына сабақ болмайды. Сондай-ақ, Күршім және Тарбағатай аудандарында да бірінші ауысымның сабақтары тоқтатылған.