12 нау, 2018 сағат 17:45

Аягөздегі су тасқынына байланысты Үндеу жарияланды

Аягөзде апаттан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аудандық әкімдік, «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы және аудандық мәслихат өкілдері Аягөз ауданындағы жағдайға байланысты Үндеу жариялады.

«Апат айтып келмейді. Ойламаған жерден зардапқа ұшырағандар қатарында біреулеріңіздің туыстарыңыз, біреулеріңіздің таныстарыңыз бен аралас ағайындарыңыз бар. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қайырымдылықтың қайырлы іс екенін түсінген аудан тұрғындары мүмкіндігінше киім-кешек, азық-түлікпен қолдау көрсетуде. Жұмыс тобы құрылып арнайы комиссия қызметін бастап та кетті. Әрқашан қандай да болсын қиындыққа душар болған адамға көмек беру - азаматтық парыз деп есептеледі. Сол себепті мүмкіндігімізше отандастарымызды желеп-жебеу мақсатында табиғаттың дүлей апатынан зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беруге шақырамыз» - делінген Үндеуде.

Шоттың реквизиттері:

ОФ "Аягөз Болашақ"

БИН 110740000641

БИК KZKOKZKX

КБЕ 18 Ағымдағы есеп шот KZ279260301178000004 KZT "Казкоммерцбанк" АҚ бөлімшесі.

Айта кетейік, Аягөз ауданындағы апаттың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр.