Алматы қаласының прокуратурасы ақпан айында автосалондардың қосымша қызметтерді, сондай-ақ жаңа автокөліктерді сатып алу кезінде аксессуарларды құру заңдылығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар автосалондардың мұндай әрекеті заңға қайшы екенін айтып отыр. Автосалондар көліктерді сатқанда шын мәнінде, бұл қызметтер мен керек-жарақтарды тұтынушыларға жүктейді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес монополиялық қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес cатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
Заңның 28-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тиісті сападағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және ассортиментте өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады", - делінген хабарламада.