Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов, Tengrinews.kz
"Әдемі" нөмірден басқа, кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындауға арналған баж мөлшерлемелері Салық кодексінде жазылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер мемлекеттік нөмірді автокөлік иесінің қалауы бойынша дайындауды полицейлер бұрыннан уәде беріп жүрген. Енді Салық кодексіне жаңа норма енгізілді, яғни автокөлікке цифрлық және (немесе) әріптік белгілеудің (бірдей әріптік белгілеуді және цифрлық белгілеудің мемлекеттік тіркеу белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999) тапсырысқа қажет кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға арналған мемлекеттік баж мөлшерін белгілейді.