Ораза тұтушының дұға-тілегі жайлы Әбу Һурайра (р.а.):
ثلاثة لا تُردُّ دعوتُهم: الإمام العادل، والصَّائم حين يُفْطِر، ودعوة المظلوم
«Үш кісінің тілегі кері қайтарылмайды: әділ патша, ауыз ашып жатқан кездегі ораза тұтушының және жәбір көрген адамның дұғасы[1]»,-деген риуаят келтірген. Демек, ауызашар уақытында дұға-тілек жасау аса маңызды. Осыған байланысты хадис кітаптарында бірқатар дұғалар бар:
ذَهبَ الظَّمأُ، وابتلَّت العروقُ وثَبَتَ الأجرُ إنْ شاء الله 1.
«Зәһәбәз зомә уәбтәллат ъуруқ уә сәбәтәл ажру ин ша Алла[2]»
Мағынасы: «Шөл қайтты, тамырлар нәрленді және, Алла қаласа, сауабы қалды»; Абдулла бин Амр бин Ас (р.а.) ауыз ашқанда айтқан дұғасы:
اللهم إنّي أسألُكَ برحمتِكَ التي وسِعَتْ كلَّ شيءٍ أن تغفِرَ لي 2.
«Аллоһуммә инни әсәлукә бирахматикәл ләти уәсиъат куллә шаиин ән таңфиро ли[3]»
Мағынасы: Уа, Алла! Барлық нәрсеге жететін Сенің рақыметіңмен менің күнәмді кешіруіңді сұраймын.
اللهمَّ لكَ صمتُ، وعلى رِزْقِكَ أفطرتُ
3.«Аллаһуммә ләкә сумту уә ъалә ризқикә афторту[4]»
«Уа, Алла! Сенің ризалығың үшін ораза тұттым, Сенің берген ризық-несібеңмен аузымды ашудамын».
Сонымен бірге, ата-анаға, бала-шағаға және де басқа ізгі тілектерді айтуға болады.
Әнас бин Мәлик (р.а.) «Алла елшісі (с.ғ.с.) қонақ боп ауыз ашатын болса:
أفطرَ عندَكمُ الصَّائمونَ، وتنزَّلت عليْكمُ الملائِكةُ، وأَكلَ طعامَكمُ الأبرارُ، وغشيتْكمُ الرَّحمةُ
«Үйіңізден ораза тұтқандар ауыз ашсын, шаңырақтарыңызға періштелер келсін, дастарқаныңыздан игі жақсылар дәм татсын және Алланың мейірімі орасын»,-деп бата береді екен[5]»
[1] Тирмизи
[2] Әбу Дауд
[3] Ибн Мажа, Ибн Хажар, Азкар
[4] Әбу Дауд
kazislam.kz